04.02.2010, 09:49 1156

Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды

Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Талдықорған-Үштөбе тас жолының 5-ші шақырымында 3 ақпанда сағат 09.15-те "Мазда" және УАЗ көліктері соқтығысты.

Апаттан 47 жастағы "Мазда" жүргізушісі оқыс оқиға орнында жан тапсырды. Сондай-ақ, осы көлікте отырған төрт жолаушы мен УАЗ көлігіеде отырған бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны