03.06.2011, 16:54 3668

Талдықорғандағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды

ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында тұрғын үйде ірі өрт болды, бір адам мерт болып, бірнешеуі зардап шекті.

Астана. 3 - маусым. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында тұрғын үйде ірі өрт болды, бір адам мерт болып, бірнешеуі зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт бүгін түнгі сағат үш шамасында Речная көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды.

107 шаршы метр аумаққа тараған жалынды ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы бір сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықтады.

Оқиға салдарынан 51 жастағы азамат ажал құшты, 32 және 54 жастағы тағы екі азамат күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны