07.02.2023, 09:51 15976

Талдықорғанда ақбөкеннің 270 мүйізін сату әрекетінің жолы кесілді

Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан
Талдықорғанда ақбөкеннің 270 мүйізін сату әрекетінің жолы кесілді
Сурет: t.me/POLICE_of_KZ
Талдықорған. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Талдықорғанда ақбөкен мүйізінің партиясын сатуға тырысқан төрт адамнан тұратын топ ұсталды.

Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан. Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді", - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ұсталғандар 1982-2000 ж. туылған Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екендігі анықталды. Барлығы облыстық ПД-не түсінік беру үшін жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлімі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында ақбөкендерді атып өлтірді деген күдікпен төрт жергілікті тұрғын ұсталды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны