23.06.2010, 12:55 3404

Талғарда жиһаз жасайтын цех өртенді

ТЖМ хабарлауынша, ғимарат 22-маусым күні сағат 17.47 өртенген. Тілсіз жау 800 шаршы метр жерді шарпыған. "Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен 19.30 ауыздықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 8 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Алматы облысының Талғар қаласында жиһаз жасайтын цех өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, ғимарат 22-маусым күні сағат 17.47 өртенген. Тілсіз жау 800 шаршы метр жерді шарпыған. "Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен 19.30 ауыздықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 8 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар кеше, маусымның 22-сі күні сағат 21.49-да Алматының Көк базарында өрт шығып, "Д-Маркет" ЖШС-ға тиесілі үш дүңгіршектің 100 шаршы метр аумағын шарпыған. ТЖМ хабарлауынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау ТЖМ-ның Алматы қаласы бойынша департаменті өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы күшімен 23.24 ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны