23.02.2012, 14:45 3242

Таразда 2 адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер ұсталды

Криминалды полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін мүлік қылмысы үшін бірнеше рет істі болған 25 жастағы Тараз қаласының А. есімді тұрғынын анықтады. Өз кінәсін мойындаған қылмыскер уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Тараз. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Таразда 2 адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "21 ақпанда өзінің пәтерінен еуропалық нәсілді 24 жастағы әйелдің және онымен бірге тұрған ер адамның мәйіті табылған.

Соттық-медициналық сапартама олардың үшкір затпен жарақаттанғанын анықтады.

Криминалды полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін мүлік қылмысы үшін бірнеше рет істі болған 25 жастағы Тараз қаласының А. есімді тұрғынын анықтады. Өз кінәсін мойындаған қылмыскер уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Оның үстінен 96 баптың 2 бөлімі (екі адамды немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны