03.09.2010, 15:19 3398

Таразда әскери-техникалық мектептің екі курсанты суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды

Таразда әскери-техникалық мектептің екі курсанты суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 3 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Таразда әскери-техникалық мектептің екі курсанты суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2010 жылдың 18-тамызында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің екі курсанты Ерік Ибілдаев пен Данияр Қамысбаев сабақтан қайтып бара жатып, жақын маңнан көмек сұраған айғайды естіген.

Курсанттар ойланбастан суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалуға ұмтылған. Сөйтіп тоғыз және он төрт жастағы екі қызды судан алып шыққан, олардың бірі есінен танып қалған екен. Олар қыздарға алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлердің қолына тапсырған, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

"Біз сол сәтте ешқандай ерлік туралы ойлағамыз қайда, біз сол сәтте көмекке зәру адамдардың жанында болдық және де көмек көрсете алғанымызға қуаныштымын",- дейді курсанттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны