30.10.2009, 10:12 1568

Таразда Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

Таразда Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

Астана. 30 қазан. kazakhstan Today - Таразда Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Сейсмология институтының мәліметінше, кеше сағат 23.46-да Ауғанстан аумағында энергетикалық классы К=14,8 болатын жер сілкінісі сезілді. Сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 926 шақырымда тіркелген.

Таразда қуаты MSK-64 шкаласы бойынша шамамен 3 балл жер сілкінісі сезілді. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны