07.05.2007, 14:45 2662

Таразда балалар үйінің әйел директоры тәрбиеленушілердің депозиттік есепшотындағы ақшаны иемденіп алған

ТАРАЗ. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Таразда балалар үйінің әйел директоры осында тәрбиеленуші жетімдердің депозиттік есепшотындағы ақшаны иемденіп алған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Жамбыл облыстық прокурорының аға көмекшісі Оңғар Иубәкіров хабарлады.

Оның айтуынша, "Ұлан" балалар үйінің әлеуметтік ұстазы осы мекеме директоры Б.Ниетқалиеваның тапсырмасымен үш жетім баланың депозиттік есепшотындағы 131 700 теңге көлеміндегі ақшаны қамқорлық органының келісімінсіз алған. О.Иубәкіровтың айтуынша, ақшаны директор өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.

"Ниетқалиева ҚР Қылмыстық кодексінің "қызмет бабын пайдаланып басқаның мүлкін ұрлау" жөніндегі 176-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда",- деді прокурор. Оның айтуынша, прокуратурадағылар бұл деректі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдердің құқығын өрескел бұзу деп бағалауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны