22.01.2007, 13:42 2943

Таразда бес қабатты үйде өрт салдарынан газ баллоны жарылды, тұрғындардан ешкім зардап шеккен жоқ

ТАРАЗ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Таразда бес қабатты үйдегі өрт салдарынан газ баллоны жарылды, тұрғындардан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үйдегі өрт сенбіден жексенбіге қараған түні шыққан. Қоқыс төгетін құбырдан шыққан өрт сатылы алаңдағы қосалқы жайға қарай ойысу салдарынан онда тұрған газ баллоны жарылған. Жарылыстан қоқыс төгетін құбырдың сыртқы қабырғасы майысып, екінші және үшінші қабаттың ортасындағы қосалқы бөлменің жабынды плитасы қираған.

"Қалалық әкімшілікте құрылған комиссия қазір оқыс оқиға орнында тұрғындарға төнетін қауіп-қатердің деңгейін зерттеуде",- деді журналистерге Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ермек Бықыбаев. "Болған оқиғаға қатысты жауапкершілік тұрғындарға жүктелетініне қарамастан, біз қажетті жұмыстарды жүзеге асыруға қолғабыс жасамақпыз",- деп сендірген орынбасардың айтуынша, өрт тұрғындардың тастап жіберген темекісінен болғанын жеткізді. Сонымен бірге оның айтуынша, үй тұрғындарында ортақ тұтынымдағы бөлмеде газ баллонын сақтауға құқықтары болмаған.

Өз кезегінде "Тараз газ шаруашылығы" ЖШС-нің директоры Болат Мырзатаевтың айтуынша, осы үйдің подьездерін газдан ажырату немесе осы үйде тұратын борышкерлердің табиғи газ бойынша берешектеріне қатысты да қандайбір шектеулер мүлдем қойылмаған. Тұрғындардың газ баллонын кір жаятын бөлмеде не себепті сақтағаны әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны