11.01.2010, 11:09 3524

Таразда бір жарым жасар қызды өлтірген қаныпезер 23 жылға бас бостандығынан айрылды

Таразда бір жарым жасар қызды өлтірген қаныпезер 23 жылға бас бостандығынан айрылды

Тараз. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық соты 35 жастағы Жақсылық Уәлиевті бір жарым жасар қызды өлтіргені үшін мүлкін тәркілемей, 5 жылға түрмеде отыруға және 18 жыл қатаң тәртіптегі абақтыға қамауға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Жұмаділдаеваға сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, өткен жылдың 24 желтоқсанында осы қылмыстық іс бойынша сот талқысы аяқталды. "10 қаңтарда соттың үкімі күшіне енді", -деді ол.

"Ж.Уәлиев сотта өз кінәсін мойнына алды. Барлық сараптамалардың қорытындысы бойынша ол есі дұрыс деп танылды. Сот оған ҚР Қылмыстық кодексінің 125-ші бабының 2-тармағы (адам ұрлау) және 96-шы бабы (кісі өлтіру) бойынша үкім шығарды", - деді Б. Жұмаділдаева.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, сотталған бұған дейін де бірнеше рет істі болған. "96-шы жылы Ж.Уәлиев ҚР Қылмыстық кодексінің 200-ші бабы (коммерциялық немесе банк құпиясына жататын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету) бойынша сотталған.

"Бұдан кейін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші бабы бойынша 6 жылға кесілді. Ал 2003 жылы ол ұрлығы үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 70-ші бабы бойынша сотталған", - деді баспасөз хатшысы.

Б.Жұмаділдаеваның айтуына қарағанда, қылмыскер - Рысқұлов ауданы Абай ауылының тумасы, жұмыссыз. Кейінгі кездері қаңғыбастың күйін кешкен. Тараздағы туыстарының үйінде уақытша тұрған.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айының 27-де Ж.Уәлиев "Аса" ықшамауданындағы №1 үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген бір жарым жасар Аян Айтқалиды ұрлап кеткен.

"Жағдайды пайдаланған еркек қызға шоколад сатып әперемін деп алдап, оны көршілес "Көктем" ауданына алып кеткен. Сол жерде олар тоғайдың ішінде бірнеше күн түнеген", - деп мәлімдеді өткен жылдың 7 қыркүйегіенде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Берік Құтбаев күдіктінің берген жауаптарына негіздей отырып.

Тәртіп сақшысының айтуынша, ұсталған өзінің тергеушілерге берген жауабында қызды не үшін ұрлағанын түсіндіре алмаған.

Ал тергеуге жауап берген Ж.Уәлиевтің туыстарының хабарлауынша, "ол бұдан бұрын да ауылдағы балаларды өзімен бірге әкетіп, оларға кәмпит-тәтті сатып алып беретін. Бірақ ол зорлап, өлтірмек тұрмақ, ешқашан оларға тиіскен емес", -деді Б. Құтбаев.

Күдіктінің айтуынша, "қыз бала 1 қыркүйек күні таңертең үсіп өлген, сосын әлгі оның мәйітін жарықтың бағанасын орнатуға арналған шұңқырда өртеп жіберген", - деді Б. Құтбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны