30.03.2012, 09:57 3362

Таразда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қызмет көрсету стансасының боксы өртеніп кетті

Саңырақ батыр көшесінде орналасқан "АК" ТҚС аумағындағы дәнекерлеу боксында 1995 жылы шығарылған "ВАЗ-2109" маркалы көлік пен 10 шаршыметр алаңдағы бокстың ішкі қаптамасы жанып кеткен.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Таразда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қызмет көрсету стансасының боксы өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саңырақ батыр көшесінде орналасқан "АК" ТҚС аумағындағы дәнекерлеу боксында 1995 жылы шығарылған "ВАЗ-2109" маркалы көлік пен 10 шаршыметр алаңдағы бокстың ішкі қаптамасы жанып кеткен.

Өрт жарты сағаттың көлемінде Тараз ӨҚҚ-1-дің екі бөлімшесінің көмегімен сөндірілді. Төтенше жағдай дәнекерлеу жұмысының барысында өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алды.

Келтірілген шығын есептелуде, зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны