08.02.2010, 10:04 1530

Таразда газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті

Таразда газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Таразда газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 16.57-де Бурненская көшесіндегі бір кепеде сыйымдылығы 5 литрлік газ баллонының жарылуы салдарынан үйдің қабырғалары құлап, үйдегі заттар өртенді. Соның салдарынан 36 жастағы ер адам мен 61 жастағы әйел түрлі дәрежеде күйікке шылдығып, ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, кеше Маңғыстау ауданының Қарақия ауданында автокөліктегі өрт салдарынан 49 жастағы ер адам қаза тапты. "Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерде "Темір-Баба" кеден бекетінің маңында сағат 18.25-те электр сымдағы қысқаша тұйықталу салдарынан автотрал сүйреген "Мерседес-Бенц 1838" автокөлігі өртенді, автотралда "Мерседес" маркалы екі жүк көлігі болған.

"Өрт салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Сондай-ақ, үш автокөлік те өртенді. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына шақырылмаған", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы бір өрт 7 ақпанда Астанада болды. "Сарыарқа ауданындағы Сейфуллин көшесіндегі "Астана" спорткешенінде сағат 21.05-те саунаның 8 шаршы метр аумақтағы ішкі ағаш қаптамасы жанды", - деп хабарлайды ТЖМ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ол жерден 25 адам эвакуацияланды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 11 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 38 адамының күшімен 22 сағат 11 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны