31.03.2010, 13:26 3070

Таразда ірі жол апаты болып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жараланды

Таразда ірі жол апаты болып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жараланды

Тараз. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Тараз қаласының орталығында бүгін таңертең қалааралық жолаушылар тасымалдайтын автобус, КамАЗ жүк көлігі мен "Ауди" көлігі соқтығысты, соның салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін таңертең Сүлейманов көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысында сағат 7 шамасында ірі жол апаты болды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Алматы - Шымкент бағытында қатынайтын қалааралық жолаушылар тасымалдаушы автобустың жүргізушісі үлкен жылдамдықпен келіп бағдаршамның қызыл жарығына өту салдарынан тіркемелі КамАЗ және "Ауди" көліктерімен соқтығысқан".

Апат салдарынан автобустың аға жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, 8 адам түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері апаттың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны