06.02.2007, 13:36 3231

Таразда Қырғызстан жерінде болған жер сілкінісінің дүмпуі сезілді

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін 00.29 Қырғыз жерінде болған жер сілкінісінің дүмпуі Таразда сезілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таразда қуаты 2 - 2,5 балл жер асты дүмпуі сезілді",- деп хабарлайды мекеме.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 440-шы шақырымда, Қырғызстан аумағында болған. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ ғимараттардың қирап, бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ", - деді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны