16.01.2008, 14:10 1889

Таразда тергеу қапасынан қашқан кезде ауыр жарақат алған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі жерленді

Таразда тергеу қапасынан қашқан кезде ауыр жарақат алған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі жерленді

Тараз. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Валют-Транзит Банк" инкассаторларына қарулы шабуыл жасап, үш адамды өлтіріп, 32 млн теңгені ұрлағаны үшін, Жамбыл облысы сотының үкімімен 25 жылға бас бостандыған айрылған "Ибдуәли" ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Марат Ибдуәли, лақап аты "Маратенок", Тараздың қалалық беитінде жерленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

30-жастағы Марат Ибдуәли 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбылдық ішкі істер департаментінің шұғыл тізімінде "Ибдуәли" ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде тіркеуде тұрған. Бұдан бұрын Марат Ибдуәли Тараздың қалалық ауруханасының екінші реанимациялық бөлімінде көз жұмды.

"Марат Ибдуәли алты метрлік биіктіктен құлап, жамбасынан ауыр жарақат алды. Ол медициналық жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді. Кейін денсаулығы тәуір болғанда, ол тергеу қапасының емдеу бөліміне жатқызылды. Ибдуәлидің денсаулығы күрт нашарлағаннан соң, ол қалалық аурухананың урология бөліміне таңылып, оған қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы қызметкерлері қатарынан және біздердің арнайы бөлімінің қызметкерлерінің күшейтілген күзеті қойылды ", - деп хабарлады Жамбыл облысының криминалдық полициясы басқармасының бастығы Мұрат Мұстафаев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 28 нен 29 желтоқсанға қараған түні ( сағат 1.00 мен 2.00 аралығында) жамбылдық тергеу қапасынан абақты қызметкерлеріне пара беру арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Марат Ибдуәли, Ерғали Қырықбаев, Қайрат Қырықбаев қашып шыққан. Қашып құтылмақшы болған кезде М. Ибдуәли жамбасын сындырып алып, оқиға орнында құрықталды. Кейін белгілі болғанындай, абақтыдан қашқан кезде Ерғали Қырықбаев аяғын сындырып, артынан полицияның қолына өз еркімен берілді. Ал үшінші қашқын осы күнге дейін іздеуде жүр. Ол туралы ақпарат беретіндерге ақшалай сыйлық тағайындалды.

"Олардың қапастағы өмірі мәз емес болатын, өйткені олар қылмыс әлемінде орныққан "қара" немесе "қызыл" заңдарын ұстанбаған, тіпті қылмыстарды жасағанның өзінде ұрылардың түсініктерін елемеген", деді өзінің атын атамауын сұраған құқық қорғау органдарының бір қызметкері.

Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің басқармасында тергеу абақтысынан қашу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде анықталғанындай, қашу жоспарын СИ-13 абақты бастығының орынбасары ұйымдастырған. $200 мың пара бергендері туралы қашқындардың өздері айтып, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы қызметкерлерінің аттарын атады. Бүгінде қашуды ұйымдастырған және абақтының бес қызметкеріне айып тағылып, тергеу қапасына тоғытылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны