05.01.2007, 11:28 2880

Таразда төрт адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды

АСТАНА. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Тараз қаласында төрт адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды деп хабарлады жұма күні төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға бейсенбі күні Ибішев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. "Көмір қышқыл газынан улану салдарынан төрт адам, соның ішінде 8 жасар ұл мен 12 жасар қыз бала зардап шекті",- дейді ақпарат көзі. "Зардап шеккендер емханаға жеткізілді",- деді ол.

Уланудың себебі көмір жағатын пештің ақауы болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны