30.09.2010, 16:26 5942

Таразда жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін мектептен 527 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Таразда жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін №31 мектептен 527 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Таразда жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін №31 мектептен 527 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кеше Тараз қаласындағы №31-ші мектепке жарылғыш заттың қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен. Ғимараттан 527 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы іс-шаралардан кейін, бұл күні де алынған хабар жалған болып шықты.

Төтенше жағдайды жоюға 78 адам мен 16 техника шұғыл аттандырылды, оның ішінде 24 адам мен 6 техника Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны