27.03.2012, 10:27 3438

Таразда жолаушылар автобусы өртенді

Оқиға кезінде автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Таразда жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кезінде автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

"Кеше, 26-наурыз күні сағат 14.39 Тараз қаласы, Абай көшесіндегі 120 үйдің жанында "ПАЗ-3205" жолаушылар автобусынан өрт шығып, сағат 15.03 сөндірілді", деп айтылған таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта автобустың иесі, өрттің шығу себебі мен материалдық шығындар анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны