10.04.2007, 19:05 3361

Таразда жол-көлік оқиғасы салдарынан Германия азаматы қаза тапты

ТАРАЗ. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Таразда жол-көлік оқиғасы салдарынан Германияның 63 жастағы азаматы Гельвер Фридрих қаза тапты, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше 22 сағат шамасында Жамбыл даңғылының бойындағы "Тараз" қонақ үйінің мыңында болған. Белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден ізін жасырған. Жәбірленуші бүгін таңертең қалалық аурухананың жан сақтау бөлімшесінде есін жимастан көз жұмды.

Белгілі болғандай, туристік сапарда жүрген Ганновер тумасы кеше Алматыдан келген.

Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері жәбірленушіге көмек көрсетпеген жүргізушіні іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны