23.04.2012, 14:20 3888

Тараздағы базарлардың бірі өртенді

Өрт сағат 23.23-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 43 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - 22 сәуір күні сағат 20.31-де Тараз қаласындағы "Төлебай" орталық базарында өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлауынша, өрт салдарынан сауда павильоны мен 2 сауда контейнерінде халық тұтынатын тауарлар жанып кетті.

Өрт сағат 23.23-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 43 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны