14.06.2006, 10:10 2815

Тәртіп сақшылары Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 2 килограмм героин тәркіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. 14-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысының құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері Қырғызстан азаматынан 2 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның түсініктемесіне сәйкес, Қырғызстан Республикасының есірткі бақылауы жөніндегі агенттігімен бірлесе “сыртқы қадағалаудағы жеткізілім” тәсілі бойынша өткізілген шұғыл іздестіру шараларының барысында Алматы-Бішкек трассасында, “Барыс” автокөлік базарының жанында “Ауди-100” автокөлігі ұсталды. Көлікте 39 жастағы Бішкек тұрғыны жолаушы ретінде келе жатқан. Күдіктіден тінту барысында 2,1 килограмнан астам героин табылды.

Тұтқын есірткіні Бішкектен тұтыну үшін әкеле жатқанын жеткізді. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны