25.09.2006, 13:14 3112

Тәртіп сақшылары Алматыда төрт күнде 54 килограмм есірткіні заңсыз айналымнан шығарды

АЛМАТЫ. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда 20-қыркүйектен бастап есірткіге қатысты қылмыстарды әшкерелеу жұмыстары күшейтілді. Соның нәтижесінде Алматыда төрт күнде 54 килограмм есірткі заңсыз айналымнан шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында 20 компьютерлік, 5 түнгі клуб, 25 ойын залы мен 400-ден астам автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 4 күнде есірткіге қатысты 40 қылмыстың беті ашылды. Соның ішінде заңсыз есірткі сақтауға қатысты 20, есірткі сатуға қатысты 20 дерек әшкереленді. 45 нашақор тіркеуге алынды.

1 килограманн астам героин, 1 килограмнан астам гашиш, 52 килограманн астам марихуана тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны