14.09.2007, 11:33 3240

Тәртіп сақшылары Астанаға есірткі тасымалданатын арнаны жапты

Тәртіп сақшылары Астанаға есірткі тасымалданатын арнаны жапты.

Астана. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Тәртіп сақшылары Астанаға есірткі тасымалданатын арнаны жапты, нәтижесінде 500 грамға жуық героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Астана-Петропавловск" тас жолының 93-ші шақырымында Ақмола облыстық ІІД-нің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері "Опель-Омега"автокөлігін тоқтатты, онда есірткі сатушы ретінде ІІД-де тіркеуде тұратын Шортанды ауданының тұрғыны отырған.

"Тексеру кезінде ұсталғанның пиджагінің ішкі қалтасынан 433 грамм героині бар екі полиэтилен дорба, 200 теңгелік купюрадан жасалған ораманың ішінен 2,73 грамм есірткісі бар 9 фольга ормасы, пиджактың сол жақ бүйір қалтасынан 0,47 грамм героин оралған бума табылды", - деп хабарлайды мекеме.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тәкіленген есірткінің жалпы салмағы 436,21 грамм болған. "Қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны