07.12.2015, 19:07 7295

Тәжікстан аумағында тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісініӊ эпиорталығы Алматы қаласынан оӊтүстік-батысқа қарай 605 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан

Алматы. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚР БҒМ ҒК СТИЭ" ММ сейсмикалық станциясы желісі 7 желтоқсанда сағат 17:47-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жер сілкінісініӊ эпиорталығы Алматы қаласынан оӊтүстік-батысқа қарай 605 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 11.1. MPV магнитудасы - 5.0. Тереӊдігі - 10 шақырым. Естеріӊізге сала кетейік, бүгін Тәжікстан аумағында 7,2 балдық жер сілкінісі, ал Алматыда 3 балдық жер сілкінісі сезілген. Бұдан кейін тағы бірнеше мәрте жерасты дүмпулері тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны