09.01.2007, 10:14 2680

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

АСТАНА. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 8-қаңтарда 23 сағат 21 минутта Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 660 шақырымда болды. Ал сейсмология институтының мәліметтері бойынша, Шымкент пен Таразда да 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.

Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны