14.11.2011, 12:15 3231

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында жер сілкінісі болды

13-қараша күні Қырғызстанның оңтүстігінде 4,5 балл көлемінде жер сілкінісі болған.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13-қараша күні Қырғызстанның оңтүстігінде 4,5 балл көлемінде жер сілкінісі болған.

Ұлттық академия сейсмологиялық институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанның оңтүстік астанасы Ош қаласынан 145 шақырым қашықтықта оңтүстік-батысқа қарай жерде орналасқан қырғыз-тәжік шекарасы аумағында орын алған.

"Жер сілкінісі 4-4,5 балл көлемінде болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қираулар мен қаза болғандар жоқ", - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны