29.05.2008, 18:28 3097

Тәжікстанның солтүстігінде сел тасқыны ондаған үйді қиратып кетті

Тәжікстанның солтүстігінде сел тасқыны ондаған үйді қиратып кетті

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның солтүстігінде сел тасқыны ондаған үйді қиратып кетті. Соғды облысының кейбір қалалары мен аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Соғды облысының төтенше жағдайларды басқару штабынан хабарланғандай, қазір төтенше жағдай басқармасының барлық қызметкерлері облыстың зардап шеккен аудандарында жүр.

Кеше облыс төрағасы Кохир Расулзаде Спитамен ауданына аттанды. Облыс төрағасының аппаратының баспасөз орталығынан хабарлағанғандай, Спитамен ауданында ондаған үйлер мен №22 мектеп қираған. Облыс төрағасы жаңа жылға дейін мектепті салуға тапсырма беріп, осы мақсатқа 150 мың сомони бөлді. Сонымен қатар, ауданда 1015 гектар мақта егісі мен 61 бидай алқабы жойылған.

"Мамырдың 26-28 аралығында сел Исмфарин, Спитамен, Гончи, Истаравшан аудандарындағы ондаған үйлерді зақымдады. Изірге қираған үйлердің саны жөнінде ресми мәлімет жоқ. Дегенмен, әрбір ауданда қираған үйлер бар, ал адамдар баспанасыз қалған", - деп хабарлады Соғды облысының төтенше жағдайлар басқармасының кезекші штабы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны