18.04.2013, 15:52 3689

Техастағы зауытта жойқын жарылыс болды

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:50 шамасында зауытта жарылыс болған. Аммиак атылғаннан кейін өрт басталған. Жақын маңдағы қарттар үйі мен мектеп ғимаратын да жалын шарпыған.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Техастағы зауытта жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "KWTX" телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Техас штатындағы химиялық зауытта болған жарылыстан 60-70 адам қаза болған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:50 шамасында зауытта жарылыс болған. Аммиак атылғаннан кейін өрт басталған. Жақын маңдағы қарттар үйі мен мектеп ғимаратын да жалын шарпыған.

Қарттар үйіндегі кейбір адамдар сыртқа шыға алмай өрттің құрбаны болды. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен дәрігерлер апаттың зардаптарын жоюға жұмылдырылды. 6 өрт сөндіру тікұшақтары жарақат алғандарды ауруханаға жеткізуде.

Жойқын жарылыстан жүздеген адам зардап шеккен, қалада 70-ке жуық үй қирады.

Техас губернаторы Рик Перри жағдайды өз бақылауына алды. Жергілікті телеарна арқылы Уэста тұрғындарына жарылыс аймағына жақындамауға кеңес берілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құтқарушылар кәсіпорынға лаңкестік әрекет жасалды сондықтан тағы да жарылыс болуы мүмкін деп ойлап, құтқару жұмыстарын кешірек бастаған. Изірге апаттың себептері белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны