26.04.2010, 15:07 2855

Теміртауда 10 жасар ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап қаза тапты

Теміртауда 10 жасар ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап қаза тапты

Қарағанды. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Теміртауда 10 жасар ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД ақпаратына сәйкес, 24 сәуірде сағат 15.00-де жедел жәрдем тобы қалалық орталық ауруханаға 10 жасар ұл баланы "жарақаттар жиынтығы, ауыр бас жарақаты, бас сүйектің сынуы, сол жақ өкпенің үзілуі, 4-ші дәрежелі жарақаттан болған шок" деген диагнозбен жеткізді, бала есін жимастан көз жұмды.

Бала сол күні сағат 14.30-да төртінші қабаттағы өзі тұратын пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткені анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны