21.06.2012, 09:56 1731

Теміртауда 3 айлық сәби жастыққа тұншығып өлді

Теміртау қаласында 3 айлық сәби жастыққа тұншығып, ажал құшты.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Теміртауда 3 айлық сәби жастыққа тұншығып өлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 20 маусым күні таңертең орын алған.

"Жатын бөлмедегі төсектің үстінде жатқан сәби үстіне құлап кеткен жастықтан тұншығып қалған. 31 жастағы анасының айтуынша, ол баланың үстіне құлап кеткен жастықты байқамаған", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша полиция тексеру амалдарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны