11.12.2007, 13:36 1508

Теміртауда АrcelorMittal Temirtau цехы бастығының төрағасы өлтірілді

Теміртауда АrcelorMittal Temirtau цехы бастығының төрағасы өлтірілді

Қарағанды. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "АrcelorMittal Temirtau"АҚ конверторлық цехы бастығының орынбасары өлтірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Базарбек Құлтаев хабарлады.

"42-жастағы Игорь Сивковтың денесі гараждар орналасқан Панфилов көшесінің бойынан бір тұрғын тауып алған. Қардың үстінде жатқан адамды мас деп ойлаған әлгі оны аударғанда өлген адам екенін түсінген", - деді Б. Құлтаев.

Оның сөздері бойынша, медициналық сот сараптама зерттеулерінің қорытындысы бойынша, ол бас-ми сүйегіне түскен жарақаттан өлген. Ал денесінде көптеген пышақ жарақаттарының іздері қалдырылған.

"Өлген адамның қалтасында $1500 ақша, көлік кілті, саусағында -алтын сақинасының бары анықталды. Мәйіттің жанынан өлген адамның қол сағаты, гараждың кілті табылды", - деп хабарлады Б. Құлтаев.

"Туыстарының айтуынша, оның құжаттары, ұялы телофоны және зақымдағыш тапаншасы жатқан барсеткасы жоғалған", - деген ақпаратты баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Бүгінде ҚР ҚК 96 бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны