31.03.2011, 13:20 6797

Теміртауда газ баллонының жарылуы салдарынан екі бала мерт болды

Теміртауда газ баллонының жарылуы салдарынан төрт адам, соның ішінде екі бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Теміртауда газ баллонының жарылуы салдарынан төрт адам, соның ішінде екі бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 20.30 Теміртаудағы бес қабатты үйде газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан төрт адам: газ қызметін көрсету мекемесінің жұмысшысы, 4 және 8 жас шамасындағы екі бала және олардың анасы мерт болған. Отағасы түрлі күйік жарақатымен жансақтау бөліміне жеткізілген.

Жарылыстың себептері анықталуда. Пәтер түгелдей бүлінген. Көршілес пәтерлер де жартылай бүлінген.

"Көпқабатты үйде баллон ұстау - бұл заң бұзушылық. Тұрғындар мұны жақсы біледі, бірақ бәрі бір бастарын тәуекелге тігеді",- деп хабарлады облыстық ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны