21.06.2007, 17:04 2989

Теміртауда газ таратқыш құрылығы екі тәуліктен бері өртеніп жатыр, 500-ден астам адам басқа жаққа көшірілді

ТЕМІРТАУ. 21 - маусым. Kazakhstan Today. Теміртаудың орталығында (Қарағанды облысының) газ таратқыш құрылығы екі тәуліктен бері өртеніп жатыр, іргелес биік үйлерден 500-ден астам адам басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі оқиға болған жерден.

Газ таратқыш құрылғы 19-маусымда 20.30 оны толтырғаннан 12 сағаттан кейін өртене бастаған. 21 сағат шамасында маңайындағы үйлердің тұрғындары бес қабатты үйдің биіктігіндей жалынды көріп, шұғыл әрекет ету қызметін шақырған. Жалынның бетін қайтарған, бірақ өртті түгелдей сөндіру мүмкін болмай отыр. мамандар резервуардаға барлық газды жандырып, бітіруге шешім қабылдады.

Теміртау қаласының әкімі Орал Битебаевтің айтуынша, қабылданып отырған шараларға қарамастан, әлі де жарылыс болу қаупі бар. "Мамандардың хабарлауынша, жалын түтікшенің ішіне кіріп, жарылыс болуы мүмкін, сондықтан да біз қазір адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз",- деді әкім журналистерге.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары университет жатақанасына шығарылған. Олардың үйлерінің подъездерін тонаушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер күзетуде. Дәрігерлер, өрт сөндірушілер мен газ шаруашалығының қызметкерлері жұмыстың тәулік бойғы режиміне көшкен.

Көгілдір отынның енді қанша жанатындығы белгісіз. Мамандар күн сайын подъездердің газдану деңгейіне өлшем жүргізуде.

Қала басшысының айтуынша, төтенше оқиға толығымен жойылғанда ғана өрттің шығу себебін тексеріп, анықтайды. Алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, өрт құрылғылардың ескіруінен шығуы мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны