22.06.2006, 13:05 2794

Теміртауда қаржы полициясының екі қызметкері пара алуға итермелеген күдікті деп танылып отыр

ҚАРАҒАНДЫ. 22-маусым. Kazakhstan Today. Теміртауда қаржы полициясының екі қызметкері пара алуға итермелеген күдікті ретінде қамауға алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

“Жұмысында нәтижеге жетіп көзге түскісі келген қаржы полициясының екі қызметкері болмаған қылмысты қолдан жасап, Теміртау ІІБ-ның Шығыс полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторын 5000 теңге көлемінде пара алуға итермелеген”,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

19-маусым күні кешке подполковник және майор шені бар қаржы полициясының екі қызметкері тұтқынға алынып, уақытша тергеу қапасына қамалды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің жемқорлық қылмыстарға итермелеу жөніндегі 349-бабы, дәлелдерді ойдан шығару жөніндегі 348-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тргеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны