22.09.2006, 13:06 2768

Теміртауда кәсіпкерге жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды; қылмыскерлер ұрланған ақшаға бес автокөлік пен екі мотоцикл сатып алған

ҚАРАҒАНДЫ. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Теміртауда қыркүйектің басында кәсіпкерге жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды; қылмыскерлер ұрланған ақшаға бес автокөлік пен екі мотоцикл сатып алған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық полициялағылар хабарлады.

Теміртау қаласының тұрғынына қарақшылық шабуыл 3-қыркүйекте жасалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір топ қылмыскерлер пәтерге басып кіріп, пышақ көрсетіп қорқыту арқылы 21 жастағы немере қызды пәтердің жуынатын бөлмесіне кіргізіп қойып, өздері сейфтен 100 мың доллар, 280 мың теңге мен ұялы телефонды алып кеткен болатын.

Қазіргі жағдаймен Қаранды мен Теміртау қалалық қылмыстық полициясы басқармасының қызметкерлері 18, 19 және 21 жастағы үш күдіктіні ұстады. Олар қылмысты мойындаған. Олардың 22 жастағы тағы бір сыбайласына іздеу жарияланды.

Тінту кезінде жігіттерден ұрланған ақшаға сатып алынған "Даймлер-Бенц", "Тойота Камри", "Ауди-6", "Тойота", "БМВ-525" автокөліктері, сондай-ақ, "Кавасаки" маркалы екі мотоцикл, бейнекамера мен сандық фотоаппарат табылып тәркіленді. Сондай-ақ, тұтқындардан жұмсап үлгермеген 32,2 мың доллар мен 485 мың теңге табылды.

Қазір үш тұтқын уақытша тергеу абақтысында отыр. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің қарақшылық шабуыл жөніндегі 179-бабы бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны