16.04.2007, 09:05 1291

Теміртауда қойма аумағында өрт шықты

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Теміртау қаласында қойма аумағында өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жер Арна" ЖШС пайдаланылмайтын қоймасының аумағында 15-сәуірде 6 сағат 25 минутта 1200 шаршы метр аумақта шатыр мен жабын жанып, артынан ол құлап қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 9 сағат 53 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 17 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны