04.09.2006, 09:04 2550

Теміртауда салық комитетінің басшысы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылды

АСТАНА. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today. Теміртау қаласы бойынша салық комитетінің бұрынғы бастығы Ерғалым Жаппаров пара алғаны үшін және қызмет бабын жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін жеті жылға сотталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігі тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

Салық комитетінің басшысы үстіміздегі жылы ақпан айында жеке кәсіпкерден пара алғаннан кейін ұсталған болатын. Е.Жаппаров кәсіпкерден Теміртаудағы және Қарағандыдағы пәтерлеріне жөндеу жүргізу үшін 50 мың теңгеден астам қаражатқа құрылыс материалдарын талап еткен.

Сондай-ақ ,арнайы қызмет өкілдерінің мәліметінше, Жаппаров "Теміртаудағы коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен 4 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз көмек көрсетуді талап еткен".

Теміртау қалалық соты бұрынғы салықшыны ҚР ҚК 307 және 311 баптары бойынша кінәлі деп тауып жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Мүлкі тәркіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны