23.09.2009, 10:10 1654

Теміртауда су құбырында апат болды

Теміртауда су құбырында апат болды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Теміртауда су құбырында апат болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласында Бейбітшілік және Металлургтер даңғылдарының қиылысында 22 қыркүйекте сағат 18.50-де диаметрі 400 миллиметрлік су құбыры жарылды.

Апат салдарынан 336 тұрғын үйдің тұрғындары, 6 балабақша, 4 орта мектеп, 2 кәсіптік мектеп, перзентхана мен балалар ауруханасы сусыз қалды. Илеуметтік нысандарға су жеткізу жұмыстары қолға алынды.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 22.45-те апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Апаттың зардаптарын жоюға "Оқжетпес" ЖШС-нің 17 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны