28.01.2010, 10:04 1654

Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт жасар екі бала мерт болды

Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт жасар екі бала мерт болды

Астана. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт жасар екі бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Теміртаудағы Байсеітова көшесінде бес қабатты көппәтерлі үйде сағат 21.54-те бір пәтерде 10 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт болған жерден төрт жасар екі баланың мәйіті табылды. Сондай-ақ, 28 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 7 адамының күшімен 22 сағат 12 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны