02.10.2006, 09:30 3121

Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды

АСТАНА. 2-қазан. Kazakhstan Today. Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Республика алаңында орналасқан үйдегі өрт жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған.

"№35 пәтердегі өртті сөндірген кезде 33 және 43 жастағы екі әйелдің мәйіттері табылды. Өртенген үйдің үстіндегі №39 пәтерде 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды. Сонымен бірге 1 , 3 , 5 және 14 жастағы төрт бала ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің күштері екі сағаттың ішінде сөндірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны