18.09.2008, 10:17 1510

Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Теміртау қаласында Нұра өзенінде 17 қыркүйекте сағат 11.30-да жер қазу жұмыстары кезінде жер қыртысы опырылып кетті. Соның салдарынан "Конкор" ЖШС-де істейтін 56 жастағы дәнекерлеуші үйінді астында қалып, жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны