04.02.2011, 17:34 3954

Теміртауда жетінші сыныптың екі оқушысы құрылысы аяқталмаған ғимараттың 6 қабатынан құлап, біреуі мерт болды

Теміртауда жетінші сыныптың екі оқушысы құрылысы аяқталмаған ғимараттың 6 қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Теміртауда жетінші сыныптың екі оқушысы құрылысы аяқталмаған ғимараттың 6 қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Теміртау қаласында орын алған қайғылы оқиға салдарынан 7-сыныпта оқитын қыз бала қаза тауып, оның құрбысы көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Кеше, кешкі сағат 5 кезінде Теміртау қаласында жетінші сыныптың екі оқушысы салынып бітпеген тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Оның бірі оқиға орнында жан тапсырды. Екіншісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - дейді баспасөз қызметі.

Зардап шеккен қыздың айтуынша, сабақтан кейін ол өзінің құрбысымен салынып бітпеген құрылыс нысанына келіп, мектеп жайлы әңгіме-дүкен құрған. Бесінші қабатта отырғанда, оның құрбысы сырғанап кеткен. "Мен оны ұстап алдым, бірақ тартып ала алмай, екеуіміз де төмен қарай құлдиладық", - деп хабарлады зардап шеккен қыз полицейлерге.

Оқиға орнынан полицейлер екі мектеп сөмкесін тапқан. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жедел жәрдем" мен полицияны айғай-шуға келіп жеткен үш жеткіншек шақырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны