31.03.2011, 13:26 7057

Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды

Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды, олардың екеуі бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды, олардың екеуі бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олардың екеуі 6 және 10 жасар балалар. Сондай-ақ, 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға сәрсенбі күні сағат 19.52 Теміртау қаласының 8-ші ықшамаудандағы 30-шы үйдің 19-шы пәтерінде болған. ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 15 маман мен 4 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 20:38-де ауыздықталды. Ауаға тараған көгілдір отынның тұтануынан пайда болған өрт пәтерді шарпыған", - делінген ведомство ақпаратында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны