09.12.2010, 15:14 4015

Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің маңынан граната табылды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті тұрғын көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің маңынан жаяу әскерге қарсы қолданылатын Ф-1 қол гранатасын тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті тұрғын көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің маңынан жаяу әскерге қарсы қолданылатын Ф-1 қол гранатасын тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 16.58 жергілікті тұрған көппәтерлі тұрғын үйдің №1 подъездінің жанынан гранатаға ұқсас зат тауып алғандығы туралы хабарлаған.

"Арнай жүргізілген шаралар барысында табылған заттың жаяу әскерге қарсы қолданылатын Ф-1 қол гранатасы екендігі белгілі болған",- деп хабарлайды ТЖМ. "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлері жарылғыш затты жою үшін тәркілеген.

Сондай-ақ, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайдың алдын алуға Шұғыл әрекет ету қызметінің 51 маманы мен 11 техникасы, оның ішінде ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны