31.03.2011, 17:16 8016

Теміртаудағы жарылыс салдарынан бес адам мерт болды

Теміртауда газ баллоны жарылып, соның салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Теміртауда газ баллоны жарылып, соның салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Теміртау қаласының ТЖБ хабарлауынша, 2011 жылдың 30-наурыз күні сағат 20.05 Теміртау қаласының ІІБ кезекші бөліміне 8 ықшамауданынағы 5 қабатты үйде газ жарылысының болғандығы туралы хабар келіп түскен.

Жарылыс салдарынан 5 адам: 1975 жылы туған әйел, 1971 жылы туған ер азамат (жансақтау бөлімінде), 2001 жылы дүниеге келген қыз, 2005 жылы туған ұл және 1981 жылы туған "Шебер-Газ" ЖШС жұмысшысы қайтыс болған.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше сағат 20.30 Теміртаудағы бес қабатты үйде газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан төрт адам: газ қызметін көрсету мекемесінің жұмысшысы, 4 және 8 жас шамасындағы екі бала және олардың анасы мерт болған. Отағасы түрлі күйік жарақатымен жансақтау бөліміне жеткізілген.

Жарылыстың себептері анықталуда. Пәтер түгелдей бүлінген. Көршілес пәтерлер де жартылай бүлінген.

"Көпқабатты үйде баллон ұстау - бұл заң бұзушылық. Тұрғындар мұны жақсы біледі, бірақ бәрі бір бастарын тәуекелге тігеді",- деп хабарлады облыстық ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны