05.04.2007, 17:32 3137

Тепловоздардың соқтығысуы салдарынан адам шығыны шығу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалады - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Тепловоз жүргізушісі мен оның көмекшісінің қаза табу дерегі бойынша Жезқазған көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды көлік прокуратурасы прокурорының орынбасары Төлеубек Рымбеков хабарлады.

Оның айтуынша, қазір оқиға орнына арнайы комиссия жұмыс істеуде. Қызмет бабындағы тексеру жүргізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тепловоздар сәрсенбі күні таңертең Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Породная станциясының темір жол өткелінің 112-ші шақырымында болған. Тепловоздар "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның иелігінде. Маневрлік тепловоздардың соқтығысуы салдарынан бір тепловоздың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, оның көмекшісі жарақат салдарынан ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны