28.01.2016, 16:58 5114

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардыӊ отбасыларына 1 миллион теӊгеден бөлінеді

Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамдардыӊ отбасыларына Алматы облысыныӊ әкімдігі 1 миллион теӊгеден ақшалай көмек береді

Алматы. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамдардыӊ отбасыларына Алматы облысыныӊ әкімдігі 1 миллион теӊгеден ақшалай көмек береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жерлеу рәсімдерін өткізуге де жәрдем көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметініӊ жетекшісі Айдар Башбаев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімеді. Оныӊ айтуына қарағанда, "Аспан" авиакомпаниясына қарасты тікұшақ өткен жылдыӊ тамыз айында техникалық байқаудан өткізілген. Сондықтан оныӊ апатқа ұшырауы техникалық ақаудан емес, ауа райыныӊ қолайсыздығынан болуы әбден мүмкін. Бірақ нақты түсін тексеру-тергеу жұмыстарыныӊ қорытындысында мәлім болады, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Айдар Башбаев, облыс әкімі баспасөз қызметініӊ басшысы:

- Қаза болғандардыӊ отбасыларына көӊіл айтамыз. Қазіргі уақытта қаза болғандардыӊ денелері Талдықорған қаласыныӊ мәйітханасында. Апаттан көз жұмғандардыӊ отбасыларына облыстық бюджеттен бір миллион теӊгеден бөлінеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны