08.09.2009, 16:33 3178

Тікұшақ апатынан зардап шеккен үш адам Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді

Тікұшақ апатынан зардап шеккен үш адам Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тікұшақ апатынан зардап шеккен үш адам Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бір адамның бел омыртқасына ақау келген, енді біреуінің жамбасы сынған, үшіншісі қол-аяғынан жарақаттанған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қонатын кезде тікұшақтың құйрығы жартасқа соғылған. Аталған үш адам тікұшақтан түсіп қалған, ал қалғандары тікұшақ құлаған кездегі жарылыстан қаза тапқан.

Еске сала кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұғам шатқалы маңында ішінде 13 әскериі бар тікұшақ апатқа ұшырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны