02.04.2012, 11:18 3649

Тюменьде жолаушы ұшағы апатқа ұшырап, 30 адам опат болды

Иуе кемесінің бортында 43 адам болған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орнынан 30 адамның өлі денесі табылды. 13 адам түрлі күйік шалған және ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін таңертең, 2 сәуірде, Рощино әуежайында Тюмень - Сургут бағытында ұшпақ болған "ЮТэйр" әуе компаниясының ATR 72 жолаушы ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің бортында 43 адам болған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орнынан 30 адамның өлі денесі табылды. 13 адам түрлі күйік шалған және ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

РБК хабарлағандай, ұшақ бүгін жергілікті уақыт бойынша 07:40-та Тюменнен Сурнутқа ұшып кеткен болатын. Бірнеше минуттан кейін ұшақ радар экранынан жоғалып кетіп, экипаж диспетчермен байланысқа шықпай қойған.

Оның соңынан ілесе ұшқан басқа әуе кемесі экипажының мәліметтеріне сәйкес, ATR 72 ұшағы ұшу жолағынан 3-5 км жердегі Горьковка ауылының маңына құлап кеткен. Басқа мәліметтер бойынша, ұшақ әуежайдан шамамен 30-40 км қашықтықта құлаған. Апат Мәскеу уақыты бойынша 05:50 шамада орын алды.

ТЖМ хабарлағандай, оқиға орнында 232 құтқарушы мен 125 техника аршу жұмыстарына араласқан. Өрт сөндіріліп, ATR 72 қалдықтарын жинастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РБК-ға ресейлік авиация ортасындағы дерек көзі хабарлағандай, Тюмень түбіндегі ATR 72 ұшағының апаты ұшқыштың қателігінен немесе техниканың ақауынан болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны