10.07.2013, 10:18 3072

Төбелестің соңы ағайынды екі жігіттің өлімімен аяқталды

Баянауыл ауданының Жуантөбе ауылында 22 және 23 жастағы ағалы-інілі екі жігіттің мәйіті табылды.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Төбелестің соңы ағайынды екі жігіттің өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баянауыл ауданының Жуантөбе ауылында 22 және 23 жастағы ағалы-інілі екі жігіттің мәйіті табылды.

Олардың кеуделерінде бытыралы оқ жарақаты бар екені анықталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тәртіп сақшылары қылмысты ізін суытпай әшкереледі. Бұған дейін сотталмаған, жұмыссыз 1992 жылғы жігіт қолға түсті. Ол өзінің кінәсін мойындап отыр.

Тергеу жұмыстарының барысында 8 шілде күні 19 сағат шамасында жапа шеккендер мен күдіктінің арасында жанжал туындаған. Келеңсіз жайт жігіттің ағайындылардың бірімен отырып амандасуынан басталған. Сол күні сағат 23.00 кезінде достарын ертіп алған ағайындылар таныстарымен бірге отырған әлгі "тәртіпсіздің" үйіне келген. Шақырылмаған меймандар жігіттерді тепкінің астына алды. Осы сәтте күдікті ағайындыларға қарай мылтық кезеніп, екі рет атқан.

Қазіргі таңда адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны